"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Титовка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Титовка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептерде ақылы олимпиада өткізуге қарсымын – министр

21.05.2020

 Мектептерде ақылы олимпиада өткізуге қарсымын – министр

Ақылы олимпиадаға қатысу немесе қатыспауды ата-аналар өздері шешеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды білім сайысына тек ақылы түрде қатыстыруды талап ететін олимпиада ұйымдастырушыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

БАҚ өкілдеріне арналған онлайн-брифингте Білім министрі мектептерде түрлі ақылы олимпиадалар өткізуге болмайтынын айтты. «Өте маңызды сұрақтың бірі – құқықтық мәдениет. Қоғамда «Біздің құқығымыз бұзылып жатса, басқа біреу келіп оны қорғау керек» деген ой қалыптасқан. Егер баланы олимпиадаға қатыс деп мәжбүрлеп жатса, онда біз тиісті құзырлы органдарға шағымдануымыз керек. Мұндай мәселелерді тек қана осы механизм арқылы шеше аламыз. Біздің ұстаным мынадай – біз әртүрлі ақылы олимпиадаларды қолдамаймыз, екіншідіен – мектеп қабырғасында ақылы олимпиадалар өткізілмеуі керек. Ол – менің өзімнің жеке ұстанымым. Бұл мәселе бойынша алға жылжу бар. Дегенмен, 20 мың ұйым бар, оның бәрі бес саусақтай бірдей емес қой. Сондықтан мұндай мәселелер туыдап жатса, шағымдану керек. Ештеңеден қорықпау керек», - деді министр.
Білім және ғылым министрінің айтуынша, олимпиадаға мәжбүрлі түрде қатысу үшін ақша талап етілсе, оларды шағымдану арқылы тоқтату керек. Ақылы олимпиадаға қатысу немесе қатыспауды ата-аналар өздері шешеді.

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст